Ілелік кәсіпкерлер жоғары салықтың кесірінен шығынға батқалы отыр. Бұл туралы Алматы облысында кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлық әрекеттерге қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында айтылды. Тұрғындар салық мөлшерлемесін төмендетуді сұрап, мамандардан құқықтарын қорғауды талап етті. Әсіресе, ауылда тұратын кәсіп иелері мемлекетке беретін қарыздарымыз, табысымыздан көп деп базыналарын жеткізді.