Келесі жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Оның негізінде төрт түлік мал түгенделеді. Үй құстарының да саны есепке алынады. Сонымен бірге егіс алаңдары, қора жайларды да нақтылау көзделген. Аграрлық сектордың дамуына болжам жасалатын шараны тамыз бен қазан айларының аралығында ұйымдастыру жоспарланған. Соған дайындық ретінде биыл санақтың пилоттық жобасы жүзеге асады. Осы орайда Алматы облысында санаққа жәрдемдесу жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Басқосуда науқанға қатысты күнтізбелік жоспар әзірленіп, бекітілді.