Қазавтожолдың жұмысы сын көтермейді. Көктемде жамап-жасқаған республикалық жолдар екі айға жетпей шұрық-тесікке айналды. Қайтпек керек?! Бұл туралы Алматы облыстық «Аманат» партиясы жанындағы «Өңірлік даму» кеңесінің Қонаевта өткен кезекті отырысында сөз болды.