Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығын референдумға белсенді қатысуға шақырды. Халық штабының мүшелері өңіріміздегі бірнеше нысанға барды. Онда АЭС салу науқанына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сенат төрағасының айтуынша қазіргі жағдайда баламалы энергия көздерінің қажеттілігі бұрынғыдан да арта түскен. Оған экологияның нашарлауы мен энергияның тапшылығы бар. Яғни көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту және көмірге тәуелділікті төмендету қажет екенін тілге тиек етті.