Аты бар да заты жоқ. Редакциямызға Кербұлақ ауданына қарасты, Беріктас ауылының тұрғындары хабарласты. Елді мекенде заманға сай медициналық мекеме жоқ Ескі фельдшерлік -акушерлік пункт әбден тозыпты. Едендері шіріп, қабырғалары құлауға шақ. Шатыры- шұрық тесік. Жаз, көктем, күз жаңбыр суы тоқтамайды. Қыста науқастанған тұрғындар тұрмақ, фельдшер ішінде әрең отырады. Билік естісе, назарға алса деген тілектері бар.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.