Мойнақтан шыққан — Миллионер. Талдықорған қаласына қарасты Мойнақ ауылында төрт түліктен нәсіп тапқан «Миллионер» есімді азамат тұрады. Ол өзінің шағын шаруашылығында күніне 100 литрге дейін қымыз бен шұбат өндіреді. Дертке дауа, жанға шипа болған ұлттық сусынды, ауыл мен қала тұрғындары алдын ала тапсырыс беріп алады. Өйткені бұл күнде қымыз бен шұбатқа деген сұраныс жоғары.