Мүгедектер үшін мемлекеттік, әлеуметтік,қоғамдық нысандардың қолжетімді болуы — саулар үшін сын. Жетісу облысында ғимарат атаулыда пандустар болуы қатаң бақылауға алынған. Бұл мәселеге облыс депутаттары да ерекше мән беріп отыр. Мәслихат төрағасы Гүлнәр Тойлыбаева бастаған ел қалаулылары аракідік қала аралап, ғимараттар кіре- берісін тексеріп тұрады.