Кешегі бозбала бүгінгі сарбаз. Облыс орталығындағы ұлттық ұлан сапы жаңа жауынгерлермен толықты. 150 ден аса жігіт ел алдында ант қабылдап, азаматтық парызын адал өтейтініне серт берді. Енді олар Талдықорғанның тәртібін қадағалап, тыныштығын күзетеді. Әріптесім Шалқар Нұрмұхамбет әскери бөлімдегі салтанатты шараға куә болды.