Бүгін облыстық тіл фестивалінің үздіктері анықталды. Шара 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған болатын. Тіл айлығы аясында шағын тәрбие сағаттарын есепке алмағанда, ауқымды 90-ға жуық шара ұйымдастырылған. “Тіл-татулық тірегі” атты фестивальге салаға жауапты бөлім басшылары, ұстаздар, “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестіктерінің филиал төрағалары, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.