Өткен демалыс күні Талдықорғанда «DREAM CITY» фестивалі өтті. Шараға қатысушылар көкке шар ұшырып бір-біріне түрлі-түсті бояулар мен су шашып «Жастар» саябағын думанға бөледі. 9 мың адам жиналған бұл фестиваль осы жаздың ең ауқымды шарасы ретінде есте қалды.