210 миллион теңге. Париж олимпиадасында чемпион атанған былғары қолғап шеберлеріне осынша сыйақы табысталады. Жуырда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы лицензия алған спортшылармен және бапкерлерімен кездесті. Оның барысында алдағы жазғы ойындардың жүлдегерлеріне арналған сыйақы көлемі жарияланды.