19 –қазан Құтқарушылар күні. Осыған орай бүгін Қонаевта салтанатты жиын ұйымдастырылып, кәсіби мереке аталып өтті. Орталық алаңда сап түзеген сала қызметкерлерін Алматы облысының басшысы Марат Сұлтанғазиев құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. Сондай ақ, бірқатар құтқарушыларды құрмет және алғыс хаттары мен марапаттады. Артынша өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қолданыстағы құрал-жабдықтар мен техникаларды таныстырды.