Оңтүстік Корея елінен келген тіс дәрігерлері маусымның 24-25 аралығында тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. Мұндай игі шараны Кореялық «ЧАМ-ГУД» қоры мен облыстық кәріс этномәдени орталығы ұйымдастырды. Сонымен қатар шетелден келген мамандар мен жергілікті тіс дәрігерлері әріптестік байланыс орнатып, тәжірибе алмастырды.