Орта кәсіпкерліктің даму қарқынын жеделдету қажет. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» туралы келеді. Жолдауда Президент орта бизнесті оңалтуға күш салу керек деген еді. Әрі 2029 жылға қарай ел экономикасы екі есеге өсуі тиіс. Демек әр аймақта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берілуі тиіс.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының салаларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры мемлекет басшысы кәсіпкерлік мәселелерін дамытуға дәстүрлі түрде ерекше көңіл бөліп келеді – дейді. Ол алдағы уақытта Алматы облысы өңдеу секторын жедел дамытуға бет бұруы қажет екеніне арнайы тоқталды. Айта кетейік. өңдеу өнеркәсібі аймақ экономикасының локомотиві. Ағымдағы жылдың төрт айында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 10,7 пайызға өскен. Жалпы облысымыздағы өнімнің үштен бірі осы өнеркәсіптік тауарларға тиесілі.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.