Осы аптада өткен үкімет отырысынан кейін көмір мәселесі өзекті болып кетті. Түрлі ведомстволар мен жауапты комитеттер жиын өткізіп, жылыту маусымына қажетті отын жеткізу, оның бағасы туралы жаппай айтып жатыр. Бүгін орталық коммунакациялар қызметі алаңында да осы тақырып көтерілді. Онда Өнеркәсіп комитеті, ҚТЖ мен Биржалық бақылау департаменті өкілдері есеп берді. Жалпы айтуыларынша ел өңірлерін көмірмен қамтамасыз ету жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Биылдың өзінде 7 айда 58,1 млн тонна өндіріліпті. Ал жылыту мауысымына қажетті көлем тек 8,6 млн тонна. Оның 2,3 млн-ны өнеркәсіптік кәсіпорындарға болса, 6,3 млн тоннасы халыққа тиесілі.