Отандық «Плантобактерин» биотыңайтқышына сұраныс артып келеді. Бұршақ дақылдарының өнімділігін арттыруға көмектесетін әзірлеменің соңғы 3 жылда сатылым көрсеткіші өскен. Өнімді отандық нарықтан бөлек экспортқа шығару мүмкіндігі де бар. Алайда, қолданыстағы зауыт сұранысты қанағаттандыра алмай отырған көрінеді. Бұл туралы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың жетекші ғылыми институттар өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды.