Отандық шаруашылықтар озық техникамен жарақтандырылып жатыр. Бұл игі үрдіске «Қазақстанда жасалған», «Жасыл өнім», «Өз азығы», «Жеңілдікті лизинг» деп аталатын лизингтік бағдарламалар сеп. Жеңілдетілген лизинг «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылуда. Былтыр бұл жеңілдікті республика бойынша 1500 шаруа пайдаланып, 3500 техникаға қол жеткізді. Биыл да бұл іс жарасымды жалғасын табуда. Жалпы, Жетісу облысының шаруалары да техника жаңарту ісінде ілгері. Жыл басынан машина-трактор паркі 535 бірлікке толығыпты.