Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев туған жеріне табан тіреді. Төрт жылдықтың басты додасында екінші орын алған балуанға жерлестері зор қошамет көрсетті. Спортшыға автокөлік пен баспана кілітін табыстады. Қаржылай сыйлық тағы бар. Атымтай жомарт азаматтар бапкерлеріне де теміртұлпар мінгізді. Сонымен қатар Жадыраев Жетісу облысының әкімі анасына сыйлаған Жаркенттегі баспанаға бас сұқты.