Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Сондай-ақ еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екенін атап өтті. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет. Білікті мамандар қатарын арттыру үшін түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оның ішінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті де бар.