Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтетінін айтты. Ол ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс екенін алға тартты. Сондықтан референдум тақырыбы бір жыл бұрын қоғам талқысына түскені мәлім.