Жолдау еліміздің саяси және экономикалық дамуы үшін маңызды. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент ең алдымен жиналғандарды кезекті сессияның ашылуымен құттықтап, өткен сессияда жемісті әрі өнімді атқарылған жұмысқа алғысын білдірді.