Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасына өзгеріс енгізді. Атап айтқанда, ол 600 адамға ұлғайды, 3 033 адам болып бекітілді. Айта кету керек, Қандастарға арналған әлеуметтік көмек еліміздің сегіз аймағында ғана беріледі. Оңтүстік-Шығыс аймақтарда әлеуметтің көмек берілмейді. Әйтсе де, жер жаннаты Жетісуға келушілер қатары азайған емес.