Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100 пайызға толды. 18 млрд текше метрден артық су жиналды. Биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген. Мамандар, мұның себебін Тянь-Шань мұздықтарының еруі мен жауын-шашынның көп болуымен байланыстырып отыр.