Қарасай ауданындағы Отбасын қолдау орталығы былтырдан бері 5 мыңға жуық адамға түрлі көмек көрсеткен. Қызмет алушылардың басым бөлігі — тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер. Бұл мәселе облыстық конференция барысында кеңінен талқыланды. Ауқымды шараға түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ге жуық адам қатысты.