Қаратал ауданында қорғаныс істер жөніндегі бөлім ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Жаңа ғимарат жас сарбаздарды тек әскерге жіберіп қана қоймай аудандық қорғаныс істер жөніндегі әкімшілік жұмыстарын атқарады. Мұндай жүйемен жұмыс істеп тұрған әзірге Республикадағы жалғыз ғимарат. Заманға сай күрделі жөндеуден өткен нысанның ашылу салтанатына ҚР Қорғаныс министірінің аппарат басшысы Ербол Құмарбекұлы арнайы келді.