Қаратал ауданындағы Көпбірлік ауылының тұрғындары 30 жылдан бері ауызсуға зәру. Ал 2013 жылы елдімекенің су жүйесі толықтай жаңартылған. Бірақ тұз татыған тіршілік нәрі ішуге жарамсыз болып шықты. Содан бері жауапты азаматтар мәселені «әне-міне шешеміз» -деп, тұрғындарды құрғақ уәдемен әбден жалықтырған еді.