Талдықорғанда Қаратал өзенінің түбін тереңдетіп, арнасын тазарту қолға алынды. Бұл өзен суы кедергісіз ағуына әрі тасқынды болдырмауға үлкен септігін тигізеді дейді мамандар. 2 жарым шақырымға жуық аумақты қамтитын жұмыс қарашаның ортасында дейін аяқталады.