Қазақстанда газ бағасы кезең-кезеңімен көтеріледі. Көгілдір отын құны шамамен 14 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл жайлы үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Ал үкімет басшысы газ өндіру ұлғайса да, көгілдір отын тапшы екенін мойындады. Оның үстіне газбен қамтуға қатысты арыз-шағымдар да көбейген. Сондықтан газ өңдеу зауыттарын салу және жаңа газ кен орындарын игеру бойынша нақты жол карталарсын әзірлеуге тапсырма берді.