Қазақстанда жыл сайын көру қабілеті нашар азаматтар қатары көбеюде. Статистикалық дерек бойынша елде 80 мың зағип жан бар. Оның 4 мыңы балалар. Қонаевтық офтальмолог – дәрігер, Жанар Кәртекова қазір көруі қабілеті бұзылған балалардың көп екенін айтады. Ғұмырының 40 жылын медицинаға арнаған дәрігер мыңдаған адамның емделуіне себепкер болған.