Ел көптен күткен жарқын жаңалық. Конституция күні қарсаңында Қоғалы ауылында мәдениет үйі қолданысқа берілді. Жаңарған нысанның ашылуына үлкен- кіші шақырусыз-ақ асыға жетті. Олай болмағанда ше, ғимарат құрылысы жосықсыз мердігер кесірінен тым ұзаққа созылып, жергілікті тұрғындар сарыла күткен еді. «Мен мұндалап» тұрған мәдениет ошағы барлық ол келеңсіздіктің бәрін әп-сәтте ұмыттырып жіберді. Ауыл халқы концерт көріп, арқа- жарқа болып тарасты.