Қонаевта 70-тен аса жас сарбаздың несиесін өтеу мерзімі уақытша тоқтатылады. Олар отан алдындағы борышын өтеу мерзімінде екінші деңгейдегі банктерден алған қарыздарын төлемейді. Яғни кредиттік демалыс алады. Бұл бастама қаржы ұйымдарына өз тиімділігін көрсетіп отыр.