Тіл татулық тірегі. Қонаевта дәл осындай атаумен облыстық тіл фестивалі өтті. Рухани шара Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл ахуалына жете көңіл бөлу, тіл саясатын іске асыру. Салтанатты жиында тіл саясатының жүзеге асуына үлкен үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.