Қонаевта үй кезегінде тұрғандарға қиын болып тұр. Әсіресе әлеуметтік санаттағыларға. Неге десеңіз 2 жылдан бері оларға үй берілмепті. Бұған түрлі себеп бар. Бірі облыс орталығы статусын алуы. Қаланың мәртебесімен бірге жалдамалы пәтер бағасы да шарықтап кетті. Онсыз да бас сауғалап, баспанасыз жүргендер айлығын шайлығына жеткізе алмай әлек. Жалпы Қонаев қаласында соңғы рет әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 2021 жылы 50 пәтер берілген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.