Қонаевта жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүруде. Жауаптылардың сөзінше, биыл жұрт жылусыз, ыстық сусыз қалмайды. Ол үшін желіллер тексеріліп, жағдай реттеліп жатыр. Қазір дайындық жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Бүгін қала әкімі Асхат Бердіханов жылы орталықтарына барып, қазандықтардың жұмысымен танысты.