Қорғаныс министрлігі Қонаевта журналистерге әскери дискурс ұйымдастырды. Тілшілік тіршілікте көрерменге ақпарат жеткізу – басты міндет. БАҚ өкілдері басын қатерге тігіп, шартарапты шарлап кететін сәт те болады. Қауіпті аймақта қызметте жүргенде журналистер қандай ережелерді сақтауы тиіс? Басты назарды неге аударуы қажет? Әскери дискурс барысында Қорғаныс министрлігінің өкілдері осыны түсіндіруге тырысты.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.