Құқық қорғау органдарына деген халық сенімін қайтару қажет. Алматы облысына келген Парламенттің жоғарғы және төменгі палата өкілдері полиция қызметкерлерімен кездесу барысында осы мәселені көтерді. Қос палата депутаттары сапар барысында өңірдегі полиция департаменті қызметкерлерінің жұмысымен танысты.