Құрылыс жүргізуде — бірінші кезекте тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Облыс орталығында кейбір нысандардың іргетасы қалана бастады. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтың төрағалығымен өткен арнайы кеңесте осы мәселе қаралды. Басқосуда жауаптылар қалада іске асырылып жатқан және жоспарланған жобалар бойынша ортақ талқы өрбітті.