Талдықорғанда жол салуға қатысты алдағы бірнеше жылға арналған жобаның қаржы жоспарында заңбұзушылық анықталды. Яғни, құжатқа істелмейтін жұмыс үшін 351 млн. теңге бөлу керектігі енгізілген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы мәлімдеді. Баспасөз мәслихатын өткізген Саян Ахметжанов бұл істің нақты мән-жайын, оған қатысы бар адамдардың есімін атамады.