Бесінші «Көшпенділер» ойынына Қытай қазағы велосипедпен келе жатыр. 28 тамыз күні Шыңжаң автомномиясынан шыққан азамат 500 шақырымды артқа тастап небәрі 5 күн ішінде Алматы қаласына жеткен. Көрші елден келген қонақты тұрғындар сән салтанатымен күтіп алып, шапан жапты.