ҚР Орталық референдум комиссиясы АЭС құрылысына қатысты Республикалық референдумның қорытындысын жариялады. 7 қазандағы таңғы 8:00 дегі жағдай бойынша ел аумағындағы және шетелдегі 10 323 учаскеде дауыс санау аяқталды. Бұл туралы Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында мәлімдеді. Келтірілген ақпаратқа сәйкес Жетісу облысынан 443 714 адам дауыс беру құқығына ие болса, соның 300 710 сайлауға қатысып азаматтық ұстанымын көрсетіпті. Атом станциясының салынуын 212 844 адам қолдаса, 80 мың тұрғын қарсылық білдіріпті. Ал, Алматы облысында дауыс беру құқығы бар 1 млн ға жуық адамның 682 мыңға жуығы саяси белсенділік танытыпты. Оның 495 мыңы қолдаушы болса, 174 мыңы қарсы шыққандар.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.