«Музей – уақыт консервісі». Ресейлік жас ақын Соня Шаталова, музей атаулыға осындай баға беріпті. Расында да, музей-мұражай өткен тарихтың таңбасы, танымдық белгісі. Содан да болар, соңғы уақытта рухани орындарға деген қызығушылық артып келеді. Айғақ: Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейіне ғана жыл басынан 5300 адам бас сұғыпты.