Сенатор Жетісу облысы тұрғындарының мәселесін шешуге шақырды. Бүгін ҚР Парламенті сенатының отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев облыс тұрғындарын алаңдатқан проблемаларды ортаға салып Үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал жолдады. Айтуынша өңірде су, жол, газ мәселесі мен медициналық мекемелердің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарын республикалық бюджет есебінен шешу керек.