Дәл осындай марафон Көксу ауданында да өтті. Бірақ қатысушылар жазықтағы қашықтықты емес тауға көтерілуден жарысқа түсті. 250 адам биіктігі теңіз деңгейінен 2551м болатын Шаған тауын бағындыруға ұмтылды. «Шаған тау марафоны-2024» шарасы — Жастар күніне орай ұйымдастырылып отыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жүгіруді жақсы көретін тұрғындар жиналған. 18 жастан асқандарға ҒАНА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН жүгіру додасындағы бағындырар меже 6 және 13 шақырым.