600 млн аса теңге үнемдеді. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының егінмен айналысатын шаруаларының осындай сомадағы қаражаттары қалталарында қалды. Оған себепші болған өңірлік антикор қызметі. Құзырлы орган суармалы жерлер мен жүйелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу барысында кооператив құрып, қыруар қаржыны жымқырып отырғандарды анықтап жолын кескен. Өз пайдаларын ойлағандар Үлкен Алматы каналынан суды алып, шаруаларға қымбат тарифпен жіберіп отырған.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.