Шоқанның ұлы мұрасы. Қазақтың көрнекті ғалымы, этнограф Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейіне келушілер саны жыл санап көбейіп келеді. Әсіресе мұражай қайта жаңғыртудан өткен соң қонақтар қатары күрт артқан.
Елімізден бөлек шет елдерден арнайы ат басын бұратындар да аз емес. Көбі ғалымның тұтынған заттарын өз көздерімен көруді бір бақыт деп біледі екен.