Шығыстың маралы Жетісуға жерсінді. Өсіп-өніп жатыр. Берік Алдабергенов осыдан 5 жыл бұрын Алтайдың кермаралын Ақсуға әкелген еді. О баста 23 жұптұяқ болса, бүгінде олардың санына 40-қа жуықтаған. Маралдар Жоңғар Алатауының баурайындағы қасиетті Қапал өңірінің табиғатында жайылып жүр. Киелі аңды өсіру бұл жақта тарихта алғаш рет қолға алынды.