Жемқорлық — індет, онымен күресу — міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Алатау қаласында түсіндірме жұмысын жүргізді. Құрамындағы мемлекеттік органдар мен әр түрлі облыстық деңгейдегі мекеме өкілдері жұртпен жүздесіп, тегін құқықтық кеңес берді. Әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың ұтымды жолдарын да түсіндірді.