Білікті мамандар кеңес берді. Іле аудандық оталық ауруханасына Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің тәжірибелі дәрігерлері келіп, ашық есік күнін өткізді. Қабылдауға өңірде әр түрлі диагнозбен тіркеуде тұрған 300- ден аса науқас жазылыпты.