Алматы облысында құрылыс қарқынды. Былтыр 957,1 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. 2396 отбасы мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болды. Олардың қатарында коттеджді қалашық тұрғындары да бар. Мұнда жалпы 620 коттеджді үй салу жоспарланған. Қазір тең жартысынан көбі қолданыста. Қалғаны жыл соңына дейін халық игілігіне тапсырылады.