Талдықорғанда еркін күрестен республикалық турнир басталды. Спорттық шараға еліміздің үздік деген 23 жасқа дейінгі балуандары түгел келді. Жалпы саны 230. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша өз арасындағы кіл мықтыны анықтап жатыр. Айта кетейік, бұл дода даңқты балуан елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналып отыр.